Мәселе мынада, бала кезімізден бізді "соншалықты жеткілікті емес" екенімізге үйретеді: жеткілікті дәрежеде жақсы емессің, мінісз әдемі емессің, жеткілікті білімді емессің, жеткілікті ақылды емессің, жеткілікті күшті емессің деп бізді үйретіп тастаған. Ащы шындық мынада - әйелдер өзінің отбасынан және қоғамның әділетсіз бағалауларынан көп зардап шегеді. Біздің кейбіреулеріміз жетістікке жету ұмтылысының қысымына жауап беріп жатады, ал басқалары, керісінше, томаға тұйықталып, өздерімен өздері жалғызсырайды.
Біз өзімізді үйретіп жататын қол жеткізбейтін талаптар мен стандарттардың қысымымен өмір сүріп жатырмыз, кейінірек ешнәрсенің мағынасын түсінбей өзіміздің ішкі әлемімізде оларға өзіміз жабысып жатамыз. Біз осы ұстанымды барлық жерде ұстауға тырысамыз: жұмыста да, қарым-қатынаста, отбасында. Дәл осы бұрмаланған, жалаң, мүлдем мүмкін болмайтын кемелдікке жету идеясы туралы айтқымыз келеді.
Біздің әлеміміз кемел емес, бірақ сонымен бірге ірі брендтер мен олардың маркетологтары бізге өзімізді төмен сезінуге, өзін-өзі бағамдау қасиетімізді төмендетуге, өз сұлулығымыздың идеясын бұрмалауға тырысады. Осылайша ұжымдық өзіне деген сенімсіздік сезімі қалыптасады.
Біздің көпшілігіміз әлі күнге дейін бізді сендірген нәрселерге әлі күнге дейін сеніп келеміз: біз өзіміз қалай бармыз солай жеткілікті емеспіз. Бұл сенім өзіміздің кемел емес екенімізді одан сайын сезіндіруге бізді мәжбүрлейді және біздің өзімізге деген сеніміміз де құнсызданады. Бірақ біз таңдау жасай аламыз: осыған сену немесе басқа жолмен жүру. Біз өзімізге деген сүйіспеншілікті өзімізге және айналамыздағы адамдарға деген сүйіспеншілік пен қабылдауға деген сенімсіздіктен қадам жасауға көмектесетін ерекше күш ретінде қарастыра аламыз.