ӨЗ ӨЗІНЕ ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Өзін-өзі сүю (self love) - біздің керемет күшіміз.
Сіз бұл сөздерді жақсы білесіз. "Өзіңе қамқор бол, басқаларға, өзіңе, біздің планетамызға мейірімді бол" деген беймаза сол баяғы сөздер. Біздің өзіміздің нақты түсінігіміз бар және біз шынымен немқұрайлылылық танытпайтын негізгі принциптер болады. Бірақ бір сәтте олар тек парақшадағы сөздерге немесе телефон экранындағы сөз тіркестеріне айналады. Өтінемін, тоқтаңыз. Дәл қазір өзіңізден сұраңыз: сіз өзіңізді жақсы көресіз бе?

НЕЛІКТЕН ӨЗІН-ӨЗІ ЖАҚСЫ КӨРУ ДӘЛ ҚАЗІР МАҢЫЗДЫ?

Қазіргі уақытта өзіңізді жақсы көру бұрын-соңды болмағандай маңызды. Әлем үнемі түбегейлі өзгерістерге толы. Біз мұны саясатта, технология саласында, қоршаған ортаның өзгеруінде байқай аламыз. Біз мұны жыныстық кемсітушілік, нәсілдік әділетсіздік және құқықтар теңдігі туралы әңгімелерден естиміз. Мұндай тұрақсыз ойлар біздің өзімізге және өз құндылығымызға деген күмәнімізді тудыратыны таңқаларлық емес жағдай.
Барлық осы сынықтарға, оң және теріс өзгерістерге қарамастан, сіз өзіңізден еріксіз сұрайсыз: мен қандай адам болғым келеді және қай әлемде өмір сүргім келеді деп?

Біз не нәрсеге сенуге дағдыланғанбыз

Мәселе мынада, бала кезімізден бізді "соншалықты жеткілікті емес" екенімізге үйретеді: жеткілікті дәрежеде жақсы емессің, мінісз әдемі емессің, жеткілікті білімді емессің, жеткілікті ақылды емессің, жеткілікті күшті емессің деп бізді үйретіп тастаған. Ащы шындық мынада - әйелдер өзінің отбасынан және қоғамның әділетсіз бағалауларынан көп зардап шегеді. Біздің кейбіреулеріміз жетістікке жету ұмтылысының қысымына жауап беріп жатады, ал басқалары, керісінше, томаға тұйықталып, өздерімен өздері жалғызсырайды.

Біз өзімізді үйретіп жататын қол жеткізбейтін талаптар мен стандарттардың қысымымен өмір сүріп жатырмыз, кейінірек ешнәрсенің мағынасын түсінбей өзіміздің ішкі әлемімізде оларға өзіміз жабысып жатамыз. Біз осы ұстанымды барлық жерде ұстауға тырысамыз: жұмыста да, қарым-қатынаста, отбасында. Дәл осы бұрмаланған, жалаң, мүлдем мүмкін болмайтын кемелдікке жету идеясы туралы айтқымыз келеді.

Біздің әлеміміз кемел емес, бірақ сонымен бірге ірі брендтер мен олардың маркетологтары бізге өзімізді төмен сезінуге, өзін-өзі бағамдау қасиетімізді төмендетуге, өз сұлулығымыздың идеясын бұрмалауға тырысады. Осылайша ұжымдық өзіне деген сенімсіздік сезімі қалыптасады.

Біздің көпшілігіміз әлі күнге дейін бізді сендірген нәрселерге әлі күнге дейін сеніп келеміз: біз өзіміз қалай бармыз солай жеткілікті емеспіз. Бұл сенім өзіміздің кемел емес екенімізді одан сайын сезіндіруге бізді мәжбүрлейді және біздің өзімізге деген сеніміміз де құнсызданады. Бірақ біз таңдау жасай аламыз: осыған сену немесе басқа жолмен жүру. Біз өзімізге деген сүйіспеншілікті өзімізге және айналамыздағы адамдарға деген сүйіспеншілік пен қабылдауға деген сенімсіздіктен қадам жасауға көмектесетін ерекше күш ретінде қарастыра аламыз.
Саяси белсенді және адам құқығын қорғаушы Джина Мартин кішкентай қыз болған кезде, оған жиі ескертулер жасалды: ол тым шулы болатын, біреудің сөздерін көп бөліп, өте тез сөйлейтін. Джина бізге балалық шағында сөгіс алғандардың бәрі ересек өмірде жетістікке жетуге көмектескенін айтты. "Белсенділік, үгіт - насихат, адам құқықтары үшін күрес-мен қазір жақсы жұмыс істеп жатқанның бәрі мүмкін болды, өйткені мен өзімді қызықтыратын нәрсе туралы айқалап айта аламын".».

Джина өзін өзі қабылдауды және оның жеке басының барлық қырларын құрметтеуді, тіпті "тым қатты" болса да, оған адамдардың құқықтары үшін күресуге, әлеуметтік нормаларды өзгертуге және әлеуметтік тапсырыстарға әсер етуге көмектесетінін көрсетеді. Сонымен, біз жақсырақ болуымыз керек немесе тыныш болуымыз керек деген кезде, Джинаның белсенді ұстанымын, оның нормаларға қарсы тұру және мінез-құлқын өзгерту қабілетін еске түсіріп, өзіміз туралы ойлауға бұйырған нәрсеге күмән келтіреміз. Енді бізде жеке басымызға өзгертулер енгізу және белсенді позицияны дамыту, өзіміз үшін бақытты өмір құру және айналамыздағы адамдарға көмектесу тәсілі ретінде өз-өзімізді жақсы көруге толықтай берілу мүмкіндігі бар.

ӨЗІН-ӨЗІ ЖАҚСЫ КӨРУ-БҰЛ ӘРЕКЕТ

Біз өзін-өзі жақсы көру іс-әрекетке айналу үшін жеткілікті күшке ие деп сенеміз. Әрқайсымыз оны саналы түрде жасай аламыз, ол қаншалықты үлкен немесе кішкентай болса да. Бұл әңгімедегі Бизнес шешуші рөл атқаруы және үлкен жауапкершілікті өз мойнына алуы керек. The Body Shop негізін қалаушы Анита Роддик (Anita Roddick) айтқандай: "Бизнеске қоғамдық мәселелерді шешу оның міндеті емес деп ойлау ыңғайлы. Бірақ бұл мүлдем қате пікір ».

Өзін өзі жақсы көруге 1000000 қадам

Біз мұны қалай елестетеміз? Жайлылық аймағынан шығып және өзін-өзі жақсы көру күшінің көмегімен бірге өсу үшін маңызды, елеусіз, таныс немесе жаңадан не істей аламыз?